jasqazaq.kz

Арман Қуанышбаев Ерлан Ақатаевтың сеніміне күмән келтірді

12 қыркүйек 2019, 11:04

Еліміздегі танымал имам Арман Қуанышбаев алматылық әріптесі, құран тәпсіршісі Ерлан Ақатаевтың сеніміне күмәнмен қарайтынын айтты. Кентаудағы медресе басшысы Ақатаевтың уағыздарын тыңдап жүріп бір күні Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмайық, дейді имам.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазақтың маңдайалды жұлдыздарынан бастап жұрт уағыздарын сүйсіне тыңдап жүрген Ерлан Ақатаев Алматыдағы мешіттердің бірінде аптасына екі рет уағыз айтады. Ақатаев та, Арман Қуанышбаев та – мүфтияттың ғалымдары. Алайда Қуанышбаев әріптесінің сеніміне күмәнмен қарайтынын айтып қалған.

«Ертең Дарын сияқты алданып қалмаңыздар.Күшті-күшті жылататын сөздер айтып, ертең Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмаңыздар», — дейді Қуанышбаев желіде тараған видеода.

Осы видеодан кейін дінде жүрген азаматтар Ақатаевтың сеніміне қатысты алаңдаушылық білдірге бастаған.

Ал мүфтияттағылар Ерлан Ақатаевтың теріс көзқараста еместігін, мүфтияттың сынағынан өткен, исламның құндылықтарын насихаттап жүрген дін қызметкері екенін айтты.

«Ерлан Ақатаев болсын, Арман Қуанышбаев болсын, екеуі де діни басқарманың бұйрығымен діни басқарманың аясында жұмыс істеп жатқандықтан, екеуінің де уағызын тыңдауға болады деп айта аламыз. Яғни екеуінің көзқарасы, сенімі, нанымы діни басқарманың ұстанымына сай келгендіктен, бөліп-жара қарай алмаймыз. Екеуінікі де дұрыс деп айта аламыз», — дейді ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар діни басқармадағылар алдағы уақытта екі имамды кездестіріп, талас тудырған мәселенің талқыланатынын жеткізді.

Бүгін, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
Бүгін, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
Бүгін, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
Бүгін, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
Бүгін, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность
20 мамыр, 13:59
Туркестан: Теплицы обеспечивают 45% потребности страны в межсезонный период