jasqazaq.kz

Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық порталының редакторы: Біз әлі әншілердің шырмауынан шыға алмай жүрміз

19 ақпан 2021, 13:05

«Өте орынды мәселені қозғап отыр екенсіздер. Мен о баста «Адырна» сайтын ұлттық-этнографиялық бағытта ашқан болатынмын. 2016-2018 жылға дейін тарихи-этнографиялық деректі мақалалардың оқылымы өте аз болды. 2018 жылдан бастап қоғамдық-саяси мақалалар бере бастадық. Содан бері сайтымыздың оқырмандар саны артты. Тарихи тақырыптарға қарағанда, әлеуметтік, саяси тақырыптар көп оқылады. Ал егер белгілі бір жұлдыздар туралы ақпарат салсақ, оның оқылымы тіпті де көп. Неге десеңіз, бұл халықтың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Бәлкім, шаршаған халық осындай жаңалықтарды оқып, демалғысы келетін шығар. Жеңіл ақпараттармен миын тынықтырғысы келететін шығар. Өйткені терең тарихи, саяси ақпараттан гөрі, жеңіл ақпаратты оқу оңай. Адам миына артық ақпарат жүктегісі келмейді. Мен осылай ойлаймын. Тек қазақтар ғана шоу-бизнесті оқиды деп айту қате. Бұл барлық елдерге тән нәрсе. Қай елде болсын, ғылыми бағыттағы мақаланы оқитындар сирек. Мысалы, шетелде белгілі бір жетістікке жеткен кәсіпкерлерді жиі көтермелейді. Ал біз әлі әншілердің шырмауынан шыға алмай жүрміз. Елімізде белгілі бір жетістікке жеткен кәсіп иелерін неге насихаттамаймыз? Ақпаратты қызықты әрі дәйекті таратуды жолға қоюымыз керек».

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия