jasqazaq.kz

Арктикадағы жылынудың жаңа рекордты температурасы ресми түрде айтылды

15 желтоқсан 2021, 10:17

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) Арктикадағы жаңа температура рекордын ресми түрде мойындады – цельсий бойынша 38 градус. Халықаралық ұйым сарапшылары өткен жаздың көп бөлігінде Сібірдің арктикалық аймағында орташа температура нормадан 10 градусқа жоғары болғанын атап өтті. Бұл туралы  БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бүгін таңертең Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы Ресейдің Верхоянск қаласында арктикалық температура рекорды — Цельсий бойынша 38 градус немесе Фаренгейт шкаласы бойынша 100,4 болғанын мойындады. Ол өткен жылдың 20 маусымында тіркелген «, — деді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның баспасөз хатшысы Клэр Нуллис.

«Бұл рекорд бүкіл Сібірдегі жылынудың айқын дәлелі», — деді әйгілі британдық климатолог және ДМҰ комитетінің мүшесі Фил Джонс. Верхоянск поляр шеңберінен солтүстікке қарай 115 шақырымдай жерде орналасқан. Арктикаға қарағанда Жерорта теңізіне тән жаңа температура рекорды Сібірдің ұзаққа созылған ыстық толқыны кезінде метеорологиялық бақылау станциясында өлшенді. Саха (Якутия) республикасының солтүстік бөлігінде орналасқан Верхоянск қаласындағы метеостанцияда температураны бақылау 1885 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Аталған ұйым сарапшылары Сібірдің арктикалық аймағындағы жаздың жоғары температурасы өрттердің күшеюі мен теңіз мұзының жаппай еруіне әкелгенін атап өтті. Арктикадағы жылыну 2020 жылды тарихтағы ең жылы үш жылдың біріне айналдырды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр