jasqazaq.kz

Арқалықта отпен ойнаған балалар тұрғын үйді өртеп жіберді

10 қараша 2020, 12:25

Арқалық қаласында тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Арқалық қаласы Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы ақпарат 9 қараша күні сағат 20:51-де келіп түсті. Көршілер 2-қабаттағы пәтерден түтін шыққанын хабарлады. Сағат 20:55-те оқиға орнына құрамында 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 АЛ-30 автосаты және жеке құрамның 11 құтқарушысы бар №4 МӨСБ өрт сөндіру жасағы жетті. 2-қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан пайда болған түтін кіреберісте тез тарала бастады және жоғары қабаттағы тұрғындардың жолын бөгеді», — дейді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Автосаты көмегімен 5-қабаттың балкондарынан 19 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Сонымен қатар, баспалдақтар арқылы 11 адам оқшау аумаққа эвакуацияланды.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны 21:26-да өртті ауыздықтады. Тағы 30 минут ішінде өрт сөндірушілер өз жұмыстарын жалғастырып, өртті толығымен жойды. Арқалық ауруханасына 4 адам жатқызылды, олардың бірі – 2014 жылы туған бала. Дәрігерлер зардап шегушілерге улану диагнозын қойды», — дейді У.Досанов Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың отпен ойнауынан болған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия