jasqazaq.kz

Арқалық тұрғыны қаланы Дубайға айналдыруға уәде берді

05 ақпан 2018, 12:34

Арқалық әкімі Амантай Балғариннің халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғыны өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтен екі миллиард теңге сұрады. Ол Арқалықты Дубайға айналдыруға уәде берді, деп жазды «Костанайские Новости».

«Арқалыққа өте көп қаржы бөлініп жатыр, керемет. Алайда бұл ақша шенеуніктердің қалтасында кетпесе жақсы. Халық Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге екі миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалғанын айтып жүр. Сіз сол ақшаны маған беріңізші, мен Арқалықты Дубайға айналдырайын! Ешкімді айыптағым келмейді, алайда ақша желге ұшып жатқаны шындық», — деді әйел.
Қостанай облысының әкімі өз жауабында дәлел келтіруді сұрады. Егер нақты дәлелі болса, құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес берді.

«Иә, Арқалыққа ақша бөлініп жатыр, алайда оның өзі жеткіліксіз. Араларыңыздан қаланы Дубайға айналдырамын дейтіндер табылып жатыр – мұның бәрі құр сөз. Қазір қала әкімі 20 минут сөйледі, әр теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндірді», — деді Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге бөлінген қаржыға тоқталып, салтанатты рәсімнің арқасында жолдар жөнделіп, су құбырлары тартылғанын еске салып өтті. Оның айтуынша, тұрғындар оларды қазір де пайдаланып жатыр, сондықтан ақша желге ұшқан жоқ.

sputniknews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды