jasqazaq.kz

Арқалық қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

06 қыркүйек 2019, 14:34

Қоластындағы қызметкерін тепкен Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы жұмыстан шеттетілді.

Facebook қолданушысы Серік Төлекбаев жариялаған видеода Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығы Жеңіс Ахметовтің қызметкерін тепкен сәті таспаға түсіп қалған. Серік Төлекбаевтың жазуынша, басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болған. Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина аталмыш видеоға қатысты түсінік берді. «Қазір Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Жеңіс Ахметовке қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен Ж.Ахметов қызметінен шеттетілді. Оқиғаның мән-жайын анықтауға ПД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары басқарған қызметкерлер тобы жұмылдырылды»,- деді Е. Кашарина.

https://www.facebook.com/100019311699268/videos/406900889963631/

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда