jasqazaq.kz

Әріптестері Қ. Тоқаевты туған күнімен құттықтады

17 мамыр 2020, 23:13

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Президенті Армен Саркисян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Молдова Президенті Игорь Додон, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде