jasqazaq.kz

Әріптесіне сәлем жолдады

15 қазан 2019, 10:17


Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі — ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы қазіргі жағдайды және саяси, сауда-экономикалық салалар бойынша перспективалық жобаларды, сонымен қатар, цифрландыруға қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады. Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Ереванда өткен ЖЕЭК саммитінде Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен келелі келіссөз жасағанын жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобке өзінің сәлемін жеткізуді өтінді. «Мен Сингапур Президентін бұрыннан танимын. Екеуміз де өз елдеріміздің Парламенттерінде спикер қызметін атқардық. Мен оның Мемлекет басшысы болғанына өте қуаныштымын», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өз кезегінде Тео Чи Хин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сингапур Президенті мен премьер-министрінің ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта беруге ниетті екенін атап айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда