jasqazaq.kz

Әріптесін ұрған әскери қызметші 4 жылға сотталды

06 наурыз 2018, 17:59

Ақтау гарнизонының әскери соты қызметтесін орындықпен ұрған әскери қызметшіге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотталушы ҚР ҚК 440-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылды. Баптың ережелеріне сәйкес, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, жаза оған шартты түрде берілді», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері. Сот материалдарына қарағанда, төбелеске бұрын болған дау себеп болған. Сотталушы зардап шегушінің сыртынан өтіп бара жатқанда басына ағаштан жасалған орындықпен ұрған, содан кейін жұдырықпен ұра бастаған. Соққының бәрі жәбірленушінің басына тиген. Соның салдарынан ол Маңғыстау облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді