jasqazaq.kz

Арбадағы мүгедекті 10 жыл құлдықта ұстаған (видео)

25 сәуiр 2019, 14:54

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған. Бұл туралы ATPress порталы хабарлады. Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі ер адамның құлдықта отырғаны туралы бейнежазба жарияланды.

Өзін Түркістан облысының азаматымын деп таныстырған видео авторы вокзал маңында қайыр сұрап отырған ер адамның оқиғасы жайлы баяндап, арбаға таңылған жігіттің құлдыққа қалай тап болғанын сұраған. Оның айтуынша, 2010 жылы оны асыраушылар Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беретінін айтады. Осы іске қатысты полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. «Бейнежазбаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деді полиция өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде