jasqazaq.kz

Арасында қыздар бар: Павлодарда жаппай төбелес (Видео)

24 мамыр 2022, 13:38


Түн ортасында полицияға Естай көшесіндегі түнгі мекеменің жанында келушілер ішімдік ішіп, жаппай төбелес бастағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

— Келген бойда тәртіп сақшылары мұнда қыздардың да қатысқанын анықтады. Жанжалдың барлық қатысушылары уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, олардың алкогольдік мас күйінде болғаны расталды. Барлық тәртіп бұзушылар ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарға мас күйінде келгендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.
Полицияда мұндай төбелестердің көбі түнгі уақытта және мас күйінде болатынын айтады.

— Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі түнгі бардың жанында екі демалушы бір қорап темекі үшін жанжал шығарған. Дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері ауыр салдарға әкелетін жағдайға жол бермеді. Тәртіп бұзушылар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және ҚР ӘҚБтК 434-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деді Ренат Шәріпов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл