jasqazaq.kz

Аралда сора еккен алқап табылды

08 тамыз 2019, 14:37


Қызылорда облысында Арал ауданында аса ірі мөлшерде сора өсімдігін өсірген тұрғын қолға түсті.

 ҚазАқпарат хабарлағандай, сора егілген аймақ Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырым жерде болған. Есірткі алқабын Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген «Көкнәр-2019» іс-шарасы барысында анықталды. Кейін күдікті ретінде Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлері 1 507 түп тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөпті тәркіледі. Оның жалпы салмағы 252 келі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3 -тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда