jasqazaq.kz

Арал қаласында тұрғын үйлерді су басты

09 ақпан 2020, 13:30

Қызылорда облысы Арал қаласындағы Мархабаев көшесінің төменгі беткейінде орналасқан тұрғын үйлерді су басты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оған Арал қаласында ауа райының күрт жылыну себеп болған. Соның салдарынан қар еріп, аудан орталығының төменгі беткейінде орналасқан Мархабаев көшесіндегі тұрғын үй аулаларын су алған. Аталған оқиға бойынша Арал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің «112 құтқару қызметіне» хабар түскен.

«Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қар суының тұрғын үйлерге қауіп төндіру мүмкіндігі анықталды. Бұл жұмысқа 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушыларын жұмылдырды. Осылайша жедел әрекетке көшкен мамандар 2 дана су тазалау мотопомпасын әске қосты. Техника көмегімен аумақты жиналған қар суынан тазарту жұмыстарын жүргізілді. Қазіргі таңда барлық сақтық шаралары ескеріліп, суды қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жасалды. Мамандардың шапшаң әрі нақты іс-қимылдарының арқасында тұрғындарға материалдық шығын келтірілмеді. Оқиға орнына барлығы 10 қызметкер, 2 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды», — деп мәлім етті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия