jasqazaq.kz

Арақ ішкен інісін жазалаймын деп өлтіріп қойды (видео)

19 маусым 2020, 14:59

Ішімдік ішкені үшін сазайын тарттырмақ болған ер адам туған інісін ұрып, өлтіріп қойды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Алайда ол қылмысын жасыру үшін барлық айғақты мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған.

Дегенмен, тергеуші жауап алу барысында логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, күдіктінің жасаған қылмысын әшкерелеген.

Ер адам туған бауырын қасақана өлтірмегенін айтып ақталып, оған физикалық күшті тек жазасын тарттыру үшін қолданғанын алға тартқан. Себебі, маскүнемдікке салынған інісінің түнгі қыдырыстары да көп болған көрінеді. Түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген 62 жастағы азамат есін жимастан жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

Сұмдық оқиға Алматы облысына қарасты Шелек ауылында болды.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)