jasqazaq.kz

Арайлым Бегділдә бокстан әлем чемпионы атанды

27 қараша 2017, 8:09

Үндістанның Гувахати қаласында өткен қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақ қызы Арайлым Бегділдә өз қарсыласын жеңім чемпион атанды,-деп жазды vesti.kz.

Ол финалда Ресейден келген спортшы Анатасия Рыбакты тізе бүктірді. Ресей чемпионы атағына ие Рыбак алғашқы минуттарды қазақ қызынан басым түсіп кележатқан. Соңына таман Арайлым күшін сақтаған болса керек, қарсыласына соққыларын өткізе түсті.

Жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан он боксшы қыз шаршы алаңға шықты. Ширек финалға сегізі шықса, жартылай финалда бесеуі бақ сынады.

Жансая Балтабекова (60 келі) мен Жансая Әбдіраимова (51 келі) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, қола жүлдегер атанса, Дина Исламбекова (+81 келі), Жазира Орақбаева (48 келі) күмісті қанағат тұтты.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды