jasqazaq.kz

Арабтар шырайлы оңтүстіктің жерін жалға алды

29 мамыр 2018, 12:16

Оңтүстік Қазақстан облысында өте сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген дуадақ құсын арабтар асырап отырғаны баршаға мәлім. Осы орайда «Рейтинг» басылымы Оңтүстік өлкеде шетелдіктер қанша жерді пайдаланып отырғанын мәлім етті. 

Nur.kz хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов берген мәліметтерге сәйкес, арабтар Қазақстандағы жерлерді бірнеше жылға жалға алған .

«Облыста үш жер учаскесін шетелдіктер жалға алып, пайдаланып отыр. Бәйдібекте арабтар жалға алған жерде дуадақ өсіру шаруашылығын құрған.

Ал Отырар ауданындағы жер учаскесін араб азаматтары өзара келісім бойынша пайдалануда. Негізі бұл жер Қазақстан азаматының иелігінде. Арабтар одан жерді жалға алған.

Сондай-ақ  Төле би ауданындағы Сайрамсу шатқалындағы жер телімін туристік бағытта шетелдіктер жалға алу негізінде пайдалануда. Атап өтері, бұл жерлердің бәрі шетелдіктерге тек жалға берілген. Келісімдер Президенттің жариялаған мораторийіне дейін жасалған.

Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы жарияланған мораторий бойынша Қазақстанда 2021 жылға дейін шетелдіктерге жерді жалға беруге, ал өз азаматтарымызға сатуға тыйым салынған. 2021 жылға дейін жер қазақстандықтарға тек жалға беріледі», –  дейді басқарма басшысы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді