jasqazaq.kz

Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты іздеуде

24 қазан 2019, 14:42

Қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алды.

Бірақ жеңімпаздың өзі бұл қуанышты жаңалықты білмейді, өйткені ұйымдастырушылар қазақстандыққа хабарласа алмай отыр, деп хабарлайды Gulfnews.com.

Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.

Басылымның хабарлауынша, қазақстандықтан бөлек тағы бір жеңімпаз анықталды, ол – 56 жастағы 30 жылға жуық Дубайда тұратын Үндістанның тумасы Камаласанан Надар Васу. Ер адам ұтып алған ақшасын қарызын жабуға, бизнесін дамытуға және демалуға жұмсамақшы. Жолы болған тұрғын металл конструкциясы өндірісімен айналысады, сегіз жылдан бері лотерея ойнайды екен.

Ақшалай ұтыстан бөлек, автокөліктер мен мотоциклдер ойнатылған. BMW 750 Li xDrive Sports көлігін Ұлыбританияның 45 жастағы тұрғыны Халат Рауф Азиз иеленді, ол — құрылыс компаниясының бас директоры. Ал 42 жастағы Үндістанның тұрғыны Файзаан Кадер Шейх Aprilia Shiver мотоциклін ұтып алды.

Оман азаматы Мехрин Ниаз Indian Scout Bobber мотоциклін жеңіп алса, автобус жүргізушісі болып істейтін тағы бір үндістандық Aprilia Tuono RR мотоцикліне ие болды.

Айта кетсек, бұл қазақстандықтардың алғашқы ұтысы емес, 2015 жылы Омар Самаликов лотереядан 1 миллион доллар жеңіп алған еді.

sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде