jasqazaq.kz

Араб компаниясының басшысы кешірім сұрады

01 шiлде 2019, 15:01

«Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)» бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.

Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтылғандай, ол Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына келді. «Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССС-дің саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін онымен арадағы келісім-шарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды. Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Қолымды жүрегіме қойып, ССС-дің өзінің бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жәйт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ», — деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде. Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық ауылында болды, «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда