jasqazaq.kz

Қарағанды полицейлері 33 жыл бұрынғы қанды қылмысты әшкереледі

21 қыркүйек 2017, 16:57

Қарағандының құқық қорғау қызметкерлері 1984 жылы екі әйелді өлтірген қылмыскерді ұстады. Ажал құшқандар сол уақытта 23 және 26 жаста болған, деп жазады Baq.kz.

Оқиға Кеңес заманында болған. 1984 жылдың 5 шілдесінде 23 жастағы күдікті таныс құрбысының үйіне барып, ішімдік ішкен. Ащы судың әсерінен қонақ пен пәтер иесінің арасында жанжал шығып, соңы қайғылы аяқталған. Күдікті пәтердегі екі әйелді де өлтіріп, ізін жасырған.

ҚазКСР ІІМ милиционерлері оқиға орнынан саусақ іздерін тапқанымен, екі әйелді кімнің өлтіргенін анықтай алмаған.

«Милиция қызметкерлері оқиға орнынан 11 саусақ ізін тапқан. Оның тоғызы ұқсас болып шықса, екі саусақ ізі анықталмаған. Бұл саусақ іздері 33 жыл бойы базада сақтаулы тұрған», — дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

«Папилон» криминалдық базасында сақталған мәліметтерді пайдаланған полицейлер осыдан 33 жыл бұрын жасалған қылмысты ашып, күдіктіні қолға түсірген.

«Полицейлер қылмыскерлерді ұстаған кезде саусақ іздерін салыстырып отырған, алайда ешбірімен сәйкес келмеген. Таяуда полицейлер қылмыс жасаған 56 жастағы күдіктіні қолға түсіріп, оның саусақ іздерін алған. Полицейлер 33 жыл бұрынғы саусақ іздерімен салыстырып, сәйкес келетіндігін анықтады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Бақытжан Құдияров.

Күдікті осыдан 33 жыл бұрын 26 жастағы әйелдің үйінде қонақта болып, ішімдік ішкенін, содан кейін араларында жанжал туындап, пәтер иесі мен оның 23 жастағы құрбысын пышақтап өлтіргенін мойындады. Ол пышақты белгісіз жерге лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 33-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қайта қаралып жатыр.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде