jasqazaq.kz

Әр борышкер банкке 900 мың теңге қарыз

25 сәуiр 2019, 12:05

Ел азаматтарының банк алдындағы қарызы 6 триллион теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – әрбір борышкердің банктерге кем дегенде 900 мың теңгеден берешегі бар деген сөз. Бұлай болуы заңды, себебі бүгінде қандай да бір іс бастарда несие алу қалыпты құбылысқа айналған. Сондықтан сұранысқа қарай банктер де әр түрлі мақсатта несие беруге ынталы.

Финппром порталы мәлімдеуінше, елімізде осы жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 360 миллиард теңгені құраған. Бұл бір ай бұрынғы мөлшермен салыстырғанда 4 пайызға, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 31 пайызға артық. Аталған соманың басым бөлігін тұтынушылық несие құрайды екен. Одан кейінгі орындарда ипотека мен автонесие тұр. Яғни, халық көбіне бизнес бастау үшін емес, тұрмыстық қажеттіліктен қаржы институтынан пайызға ақша алуға жүгінген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда