jasqazaq.kz

Apple желісіз хабарласу мүмкіндігін жасамақ

23 желтоқсан 2019, 10:56

iPhone және Apple-дың басқа да құралдары сымсыз байланысатын жаңа жерсерік технологиясын жасап шығармақ, — деп хабарлайды «Популярная механика».

Мұндай жерсерікті байланыс технологиясы пайдалану құралдарына ақпаратты тікелей қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Яғни, Apple гаджеттерінің иелері желіге қосылмай-ақ жұмыс істей алатын болады. Bloomberg басылымының мәліметінше, ол үшін Apple арнайы жеке жерсерік құрал қоймайды. Оның орнына компания деректерді байланыс спутниктеріне жіберетін таратушы құрылғыларды немесе жердегі станцияларды ғана дамытады. Осы технологиялар арқылы Apple құрылғылары бір-бірімен ақпарат алмасып не желінің бар-жоғына қарамастан гаджеттерді байланыстыра алады. Сонымен қатар, жаңа технология құрылғылардың орналасқан жерін нақты анықтай алады. Жаңа технологияны жасап шығаруға Apple өкілдері әуе ғарыш саласының бірнеше инженері мен жерсерік және антенна жасайтын мамандарды жалдаған. Жобаны жасау барысында мәселе туындаған сәтте оны тоқтатуы мүмкін екені айтылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде