jasqazaq.kz

Апатқа ұшыраған автобуста 46 бала болған, оның сегізі ауруханаға жеткізілді

27 ақпан 2020, 10:44

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 8 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем жол апатына тап болғандардың барлығын тексеру үшін ауруханаға апара жатыр. Көз жұмған ешкім жоқ. 8 адам зардап шеккен», — дейді ШҚО әкімдігінің қызметкерлері. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлікте 53 жолаушы отырған, оның 46-сы — бала.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында болған. Балалар спорт жарысына қатысу үшін автобуспен облыс орталығынан Шемонаиха ауданына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия