jasqazaq.kz

Апат аймағындағы тұрғындардың құжаты қалпына келтіріледі

06 мамыр 2020, 19:14

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді.

Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан 24 эвакуациялау пунктерін кезекпен аралайды. Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдайды. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен және басқа да атқарушы органдармен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған. Мобильді топ бірінші жұмыс күні 150-ден аса адамға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес берді. Эвакуациялау пунктерінде мамандар мақтааралдықтардың жоғалған құжаттарын қайта рәсімдеуге өтініштер қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты төтенше жағдай кезінде де мемлекеттік корпорация қызметкерлері жұмысын тоқтатпай, жергілікті әкімдікпен бірлесе штабтарда, далалық жағдайда апаттан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын ретке келтіру үшін үздіксіз қызмет етті. Төтенше жағдай кезінде арыстықтарға ХҚО мамандары 17 мың қызмет көрсетті.

«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ
баспасөз қызметі

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия