jasqazaq.kz

Апалы-сіңлілі үш әйел 30 жыл құжатсыз тұрып келген

14 наурыз 2020, 21:13

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы апалы-сіңлілі үш әйел 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апалы-сіңлілі Нұғымановалар Ресейдің Омбы облысында дүниеге келіпті. 1990 жылы қыздардың үлкені 6 жасқа толғанда ата-аналары Қазақстанға қоныс аударған. Ауылдық жерде тұрып келген олардың бұған дейін құжаттары да, оған қажеттілік те мүлде болмаған екен. Кейін мәселе туындай бастағаннан кейін ауыл тұрғындары «Жолда қабылдау» акциясы барысында СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевқа жүгінді.

Жеке куәлікті ресімдеуге туу туралы куәліктерінің жоғалуы, Ресей тарапынан қажетті жауаптың келмеуі себеп болған. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ресейдегі ҚР елшілігі мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюромен байланысқа шығып, қыруар жұмыс атқарды. Нәтижесінде, біршама уақыттан соң олардың мәселелері шешімін тапты. Полицейлер Дариха, Кәмеш, Дәния Нұғымановаларға жеке куәліктерін алуға жолдама құжатын берді.

«Біздің мәселені шешуге көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне зор алғысымызды айтамыз. Менің ұлым да колледжге оқуға түсе алады. Мен СҚО Полиция департаментіне жүгінбегенде құжаттарымызды алмайтын едік», — дейді Дариха Сахаутдинова.

Полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын замануи форматта өткізген жөн деп санайды.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер халықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып отыр. Біз осыны пайдаланып, азаматтардан өздерінің, қарт туыстарының құжаттарын ретке келтірулерін сұраймыз. Апалы-сіңлілі Нұғұмановалардың мәселесі өкінішке орай, бүгінгі күнде кездесіп жатады», – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия