jasqazaq.kz

Апалы-сіңлілі 4 қыз газдан уланды

10 сәуiр 2019, 17:13

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында апалы-сіңлілі 4 қызға ыс тиген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін таңертең шешесі басы қатты ауырған төрт қызын ауруханаға әкелген. Дәрігерлер қыздардың газдан уланғанын анықтады. 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш қызда уланудың орташа деңгейі, ал 2018 жылғы кенже қызында жеңіл деңгейі анықталды. Қазір олар ауруханада ем-дом алып жатыр. Дәрігерлер оқиға туралы өрт сөндірушілерге хабар берген. Зайсан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары зардап шеккен қыздардың үйіне барып, оқиғаға қатты отын жағылатын пештегі ақау себеп болғанын анықтады. Үй иелерінің айтуынша, пештің мұржасы соңғы рет алдыңғы жылы тазартылыпты. «Пеш ақаулары, мұржаның таза болмауы салдарынан адамдар жиі зардап шегеді. Күн сайын айтылатын ескертулерге қарамастан, көптеген адамдар өрт қауіпсіздігіне жете мән бермейді. Жылу маусымының басынан бері облыста иіс газынан 80 адам, соның ішінде 39 бала зардап шегіп, 8 адам қаза тапқан», — дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. Құтқарушылар пештерді жылу маусымының алдында тексеріп, кем дегенде 2 айда 1 рет тазалап отыру қажеттігін айтады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда