jasqazaq.kz

Апалы-сіңлі медбикелер қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін сотталды

22 маусым 2021, 17:53

Алматы облысында екі апалы-сіңліні қызғаныштан аяусыз кісі өлтіргені үшін соттады. Бірінші сатыдағы сот қыздарды 18 және 17 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ қазір сотталушылардың туыстары бұл шешімге қарсы шығуға тырысуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жәбірленушіні үйден шығару үшін қаскүнемдер өздерін пандемия кезінде 50 мың теңге көлемінде көмек тарататын әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырды.

Арайлым Байтаракованы өзі тұрған Алдабергенов ауылынан автокөлікпен алып кеткен. Біраз уақыттан кейін оның досына «құтқарушы» деген сөзі бар SMS келген. Кейіннен Арайлым ағашқа асылған күйінде табылды. Оның қалтасында жігітті айыптаған жазба болды. Апалы-сіңлі қызды өлтіріп, ағашқа асып және жігіттің есімі мен бәріне оның кінәлі екенін жазған хатты қалтасына салған.

Марқұм көз жұмғаннан кейін 2 күн өткен соң, сол жігіттің бұрынғы әйелі полицияға кінәсін мойындап келді.

«Ол тек менің қызымды қорқытқысы келгенін айтты. Алайда Арайлым оның қолындағы пышаққа ұмтылып, байқаусызда қаза болыпты. Содан кейін бұл әйел оның өзін қол жұмсағанына сендіру үшін ағашқа іліп қойған», — деді «Время» газетіне берген сұхбатында Арайлымның анасы.

Дегенмен, қыздың байқаусызда өлгеніне ешкім сенбеді — Арайлымның денесі көгеріп, қансыраған.

«Олар оны пышақпен және бұрағышпен ұрып, содан кейін дарға асып, денесін жасырды. Сол күні өздері жұмысқа кетті», — деді Ratel.kz-ке марқұмның туысы.

Басылым журналисінің сөзінше, кісі өлтірді деп айыпталған екі әйел де дәрігер болып жұмыс істеген.

Сотта 44 жастағы айыпталушы Гүлбану С. соттан оның кісі өлтіру әрекетін ауырлататын мән-жайларсыз қайта саралауды сұрады. Оның әпкесі Ұлжан Б. кінәсін мойындамады.

Апалы-сіңлілер «Адам ұрлау» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Гүлбануды 18 жылға, ал оның әпкесі Ұлжанды 17 жылға бас бостандығынан айырды.

«Жәбірленуші отбасының пайдасына материалдық зиянды өтеу есебінен 1 323 498 теңге, моральдық зиянды өтеу есебінен әрбір сотталған адамнан 5 000 000 теңгеден өндірілді», – делінген сот хабарламасында.

Марқұм Арайлымның артында екі баласы қалды. Кісі өлтіргені үшін сотталған Ұлжанның да жас балалары бар.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия