jasqazaq.kz

Анықтама қағазын беру процесін электронды форматқа көшірді

30 қыркүйек 2019, 16:37


ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру процесін электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру ең көп қолданылатын мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылатындығын айтады.

— Жыл сайын құжаттар алу үшін, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тіркету және басқа да мақсатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұратуымен тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады. Жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаға, емханаға, банктерге және тағы басқа кезге де деп анықтама алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтуге мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіріп, қызметті оңай етті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар, — деді ҚР ІІМ.
Қағазбастылыққа жол бермес үшін әрі уақытты үнемдеу үшін мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайды.

— Қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Дегенмен азаматтардың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінің көмегімен мекен-жайы туралы ақпаратты тексере алады. Тұрғын-үй копператив иелері порталда немесе «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы сол мекен-жайда тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады. Мекен-жай анықтама қағазын беруді тоқтату қағазбастылықты жойып, анықтама үшін халықтың ХҚКО-ға бей-берекет ағылуын тоқтатады, дейді министрліктегілер.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды.

— Жыл соңына дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ҚР ІІМ тағы сегіз қызметті электронды форматта халыққа ұсынуды жоспарлап отыр. Осылайша, Ішкі істер министрлігі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы автоматтандырылады, — дейді ондағылар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда