
ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ-ның төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz.
Тергеу барысы анықтағандай, Сұлтанғазин қарағандылық ЖОО-ның ректорын білім министрімен кездестіремін деп уәде беріп, одан қомақты ақша алған көрінеді.
«Сұлтанғазинға Қарағанды мемлекеттік университетінің басшысы Азамат Едірісовтан бес мың доллар көлемінде ақша алды деген күдік тағылған. Ол ректор мен білім министрін кездестіремін деп уәде еткен», — делінген жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан мәлімдемесінде.
Экс-шенеунікке 18 желтоқсан күні сот үкімі шығарылды. Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты Әнуарбек Сұлтанғазинді кінәлі деп тауып, оған 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған қоса ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқарудан шеттетілді.