jasqazaq.kz

Антисептикті қалай жасауға болады?

25 наурыз 2020, 12:09

Бүгінде дәріханаларда медициналық маскамен бірге ең үлкен сұранысқа ие өнім — антисептик болып отыр. Зор сұраныс тапшылықты туғызатындықтан дәріхананың көбінен оны таба алмауыңыз мүмкін. Осы ретте антисептикті қолдан жасап алудың амалын ұсынамыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында антисептиктердің рецептін жария етті. Оны қолдан оп-оңай жасап алуға болады. Ол үшін сізге медициналық спирт, үш пайыздық сутегі асқын тоғы (шамамен шай қасығындай), глицерин (шай қасығының жартысындай) мен қайнатылған су (10-12 мл) керек. Антисептикті дайындау үшін спиртті үлкендеу ыдысқа құясыз. Мензурка немесе шприцтің көмегімен оған сутегі асқын тоғын қосасыз. Осыдан кейін осы қоспаға глицеринді араластырасыз. Мензурканы пайдаланбас бұрын оны ыстық сумен бір шайып алу керек. Осы қоспаны артынша қайнатылған суға араластырасыз. Талғамыңызға қарай аздап бояғыш немесе ароматизатор қосып қоюға да болады. Спирт ұшып кетпес үшін ерітіндінің бетін жауып қою керек. Осыдан кейін осы қоспаны абайлап флаконға құйып аласыз. Дайын антисептикті беті жабық ыдысқа құйып қойып, 72 сағатқа қалдыру керек. Үш тәуліктің ішінде спирттегі немесе флакондағы микроағзалардың көзі жойылады.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді