jasqazaq.kz

Антикор: Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

04 сәуiр 2022, 14:25

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істің тергелуі туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың — кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Олар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды, делінген ведомство хабарамасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр