jasqazaq.kz

Антикор Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді

26 сәуiр 2022, 15:02

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.К. Хаменоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қомақты мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта Хаменова қамауда отыр», — деді ведомоство Tengrinews.kz тілшісінің сауалына.

Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайтынын атап өтті.

«Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен, ол мүмкін деп санайтын шамада ғана жария етілуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ сіздің қылмыстық процеске қатысушы емес екеніңізді ескере отырып, Б.К.Хаменоваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы басқа мәліметтер жарияланбайды», — деді Қылмыстық іс жүргізу басқармасының бастығы Қанат Сүлейменов.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр