jasqazaq.kz

Анталияда ащы бұрыш жеуден жарыс өтті

27 сәуiр 2018, 10:10

Түркияда Анталия провинциясындағы Кумлуджа ауданында ащы бұрыш жеуден жарыс өтті. Бәсеке Республика алаңында ауыл шаруашылығы және жылыжай өнімдері XIX фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Жарыс басталар алдында әдіқазылар алқасы бұрыш сабақтарын таразыға тартып қатысушыларға үлестірді. Сондай-ақ бұрыштың ащылығын азайту үшін қызанақтар мен айран таратты. Бәсеке шарты бойынша, оған қатысқан 18 адам небәрі үш минуттың ішінде бұрышты неғұрлым көбірек жеуі қажет. Бұған қоса олар үстеріне суық су құйды. Үш минуттың ішінде 315 грамм ащы бұрышты жеп үлгерген Хасан Оздил жеңімпаз атанды. Екінші орын 299 бұрыш жеген Хусейин Акшитке,ал үшінші орын 279-ын қығытқан Мехмет Атешке бұйырды.

Әкімшілік басшысы Кумлуджа Хусаметтин Четинкаяның хабарлауынша, бәсекенің мақсаты жұртшылық назарын Анталиядағы жыыжай өндірісіне аудару. «Біз дайындаған өнімдеріміздің адам денсаулығына зияны жоқ екендігін көрсетуге тырыстық»,- деп атап өтті ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде