
Ішкі істер министрлігі қарулы күзетпен ән салған отандық әнші Серікбол Сайлаубектің оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын аяқтады.
Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, 17 қараша күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде той ұйымдастырушылар тәртіпті қадағалау үшін күзет агенттігі қызметкерлерін жалдаған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
«Қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты қызметкерлердің қаруды пайдалану тәртібін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекс аясында прокуратура органдары алдында күзет ұйымының күзет қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруге бастама жасалды», — деді Садубаев.