
Қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген әнші Толқын Забирова коронавирусты екінші рет жұқтырып алғанын айтты.
«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп… Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр», — деп жазды әнші.
Сондай-ақ танымал әнші уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.
«Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға боларма екен? Бәріміз аман болайық,ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», — деп жазды Толқын Забирова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөзі: azattyq ruhy