jasqazaq.kz

Әнші Мәдина Сәдуақасова қызылордалық кәсіпкерге iPhone 13 пен бриллиант сыйлады (видео)

21 сәуiр 2022, 11:02

Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова қызылордалық жеке кәсіпкерге iPhone 13, ал анасына бриллиант жинақ сыйлады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Әнші Instagram-парақшасында қызылордалық жеке кәсіпкер Әділет Байнашевпен кездескенін, оның әрқашан гүлмен қарсы алатынына риза екенін жеткізген еді.

«Көргеніме өте қуаныштымын. Супер отырыс болды. Бізбен кездесуге уақыт тапқаныңа рақмет, Адик! Әділет Алматыға келсе, ұстай алмайсың. Қызылордадағы Шұға апама — Адиктың алтын анасына бізден дұғай сәлем!» — деді әнші.

Әнші қомақты сыйлық жасаған жігіттің өзі де парақшасында қуанышын жасырмады.

«Ауызашарда отырған жерімнен жақын тәтем шақырып, керемет сыйлық алып жатырмын. Қуанышымда шек жоқ!», — деді ол.

Ол Желіде әншіге ризашылығын білдірді.

«Бүгін мен үшін күтпеген жайт болды. Алматыда ақ тәтем бар ғой Мадина Садуақасова деген. Бүгін Олжас жездемізбен бірге керемет бір виллаға қонаққа шақырып, жақында туған күні болған анама бриллиант сыйлады. Менің де туған күніме келе алмаған еді, маған айфон сыйлады. Алла разы болсын!

Маған ұнағаны анама жасаған сыйларыңыз! Әрине, ананың көңілі бәрінен қымбат қой. Аман болыңыздар. Ең бастысы, тәте мен іні арасында сыйластығымыз үзілмей, тек жақсылықтарымен жалғаса берсін. Мен сізді шын жүрекпен жақсы көремін», — деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADILET BAINASHEV (@adilet_aeg)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр