jasqazaq.kz

Әнші Әміре «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

16 шiлде 2018, 14:01

Белгілі қазақстандық әнші Әмре халықаралық “Славян базары” байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Әнші бас жүлде алған румыниялық бақталасымен ұпай саны бойынша тең түскен. Десе де, қазылар алқасы отандасымызға бірінші орынды беруді жөн деп шешіпті, деп хабарлайды Stan.kz.

Байқау Беларусь елінің Витебск қаласында өткен. Ал кезекті жетістігі жайлы Әмренің өзі желідегі парақшасында хабарлады.

“Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды!
Алланың қалауымен, Қазақстан 1-орынға ие болдым. Румыния бас жүлде алды. Ұпайларымыз бірдей болғанмен, әділ-қазылар шешімі осындай болды. Мен барымды салдым. Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет. Сіздерге бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, орын таппай отырмын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше! Әmre”, – деп жазды ол.

Қазақстандықтар Әмрені жарыса құттықтап жатыр.

Айта кетейік, дәл осы “Славян базары” байқауына кезінде Димаш Құдайберген қатысып, жеңіп шыққан болатын. Биыл байқауда еліміздің атынан Роза Рымбаева қазылық еткен. Ал Димаштың өзі балалар арасында өткен байқауда төрелік етті.

Еске сала кетейік, биыл балалар арасында өткен “Славян базары” байқауында қаскелеңдік 7 жасар Әбілхайыр Жұмабай жүлделі үшінші орынды қанжығаға байлады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді