ESET компаниясының мамандары экрандардың қызметтерін блоктап тастайтын Android қондырғыларына арналған вирус-шифраторды анықтады.

Бұл туралы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
DoubleLocker деп аталатын қауіпті бағдарлама мобиль банк трояндар базасында жасалған. Вирус PIN-код құрылғысын ауыстырып және гаджет жадысында сақталған деректерді шифрлей алады. Мамандардың айтуына қарағанда, DoubleLocker басқа да трояндар сияқты мобильдік қосымшалармен қолданылатын сайттар арқылы енеді.