jasqazaq.kz

Қанат Ислам Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

21 маусым 2017, 16:52

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альврес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады.

«Менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді. Оған сәттілік тілеймін. Головкин — әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше, кездесу 12 раундқа созылады», — деді Қанат Ислам Астанада баспасөз конференциясында. Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело» — Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

tengrinews.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу