jasqazaq.kz

Анасының көзінше баласын ұрлап кетпек болды

22 қараша 2017, 16:02

Күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған.Оралда «бала ұрлады» деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов. Бұл туралы Today.kz «Интерфакс-Қазақстан»-ға сілтеме жасап жазады.

«21 қарашада Көкшетау көшесінде жас ана балаларымен бірге далада серуендеп жүрген. Белгісіз ер адам оның баласын көтеріп, қаша жөнелген. Оның артынан адамдар жүгірген соң, ол баланы тастай сала жасырынып қалған», — деді сәрсенбі күні журналистерге Бисенов.

Оның сөзінше, оқиға орнына жақын маңдағы патрульдер жетіп, ер адамды құрықтаған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау абақтысында отыр.

Анықталғандай, күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде оның мас болғаны әрі есіркі қолданғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау » бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды