jasqazaq.kz

Анасына тіл тигізген астаналық 10 тәулікке қамалды

22 шiлде 2021, 12:12

Анасын балағаттаған елордалық 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полицейлер отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу мақсатында үйлерді аралады. Тексеріс кезінде учаскелік инспекторға егде жастағы ана 56 жастағы ұлына шағымданған. Оның айтуынша, ер адам үйге мас күйде келіп, егде жастағы анасымен сөзге келіп, балағат сөздер айтып, психологиялық зорлық көрсеткен. Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, есепте тұрған. «Арнайы ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, елордалық полицейлер 19-23 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шараларын өткізуде

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия