jasqazaq.kz

Анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті

16 қантар 2021, 13:50

Өскемен полицейлері үйден қашып кеткен баланы 1 сағаттың ішінде тапты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әуелде әйел сыртқа шығып кеткен баласын өзі тауып алмақ болды. Бірақ онысынан түк шықпағандықтан 15 қаңтарда сағат 11:30 шамасында полицияға қоңырау шалған.

Бірден полиция қызметкерлері баланы іздеуге кірісті. Анықталғандай, 9 жастағы оқушының үйден қашып кетуіне анасының одан ұялы телефонды алып қойғаны себеп болған.

«Оған ескерту жасадым да телефонды алып алдым. Себебі балам смартфоннан бас алмай қойды. Үнемі ойын ойнап, бейнероликтер көріп, достарымен хабарлама алмасады. Бұл оның сабақ үлгеріміне теріс әсер етуде», — деді әйел.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары оқушыны супермаркеттердің бірінен тапты. Оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір бала ата-анасымен бірге.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия