jasqazaq.kz

Aнасына қол көтерген бойжеткен туған әкесін пышақтап тастады

04 қантар 2018, 16:36

Шымкентте туған қызы әкесін пышақтап тастады. Анасынан қызын қорғаймын деген отағасын перзентті осылай жазалаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Қанды оқиға болған күні әкесі жұмыстан шаршап келген. Үйге келсе, қызымен анасының арасында жанжал болып жатқан екен.

22 жастағы бойжеткен ұрыс кезінде анасын ұрып-соққан. Мұны көрген әкесі қызының қорлығына шыдамай, ажыратпақ болады. Осы кезде перзенті анасымен екеуінің арасына түскен әкесін пышақтап тастайды.

«Үйге келсем анасын ұрып жатыр екен қызым. Екеуін ажыратпақ болдым. Осы кезде қызым пышақ тығып алды. Ары қарай есімде жоқ. Талып қалдым. Қызым ажырасқалы бері өз бетімен кетті. Әке-шешесін тыңдамайды. Қызымның салмағы жүз келіден асады. Сондықтан, оған анасының әлі келмейді. Мұны пайдаланған қызым туған анасын ұрады», — дейді туған қызынан қорлық көрген Мұрат.
Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 46 жастағы азаматқа дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Ер азамат тілге келгенмен, жүріп тұра алмайды.

Қызынан зардап шеккен әке перзентінің үстінен арыз жазбаған. Бірақ, қызы жасаған қиянатты кешірмеймін дейді.

Әкесінің сөзінше, бойжеткен осыдан бір жыл бұрын күйеуінен ажырасып ата-анасының үйіне қайтып келген. Күйеуден қайтқалы бері қызы отбасының шырқын бұзып, анасын соққының астына алуды әдетке айналдырыпты.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды