jasqazaq.kz

Анасына қол көтерген адам қамауға алынды

01 қараша 2017, 14:43

Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 1966 жылы туған азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғыны И. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 73-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айында азамат И. өз үйінде бірнеше рет ұрыс шығарып, анасын балағаттап, ұрып-соққан. Сот отырысында И. өз кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен оған 17 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Азаматтың іс-әрекетіне қатаң бақылау қойылып, оған үш айдан алты айға дейінгі анасымен кездесуге тыйым салынды. Сонымен қатар И. әр айдың 1,10,30 күндері учаскелік инспекторға келіп тұруға міндетті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті