jasqazaq.kz

Анасын өлтіріп қызын зорлаған. Оқиғаның мән-жайы

30 шiлде 2018, 12:35

Кедей отбасында анасын өлтіріп, тоғыз жастағы қызды зорлап кеткен.

Sputnik тілшісі жазғандай, «Ягодка» бақ шаруашылығы бірлестігінің халық саны – мың шақты адам. Жергілікті тұрғындар қайғылы оқиғаға тап болған жанұяны берекелі, тыныш отбасы деп біледі екен.

«Үшеуі ғана болатын, — дейді жергілікті тұрғын Вера Асанова. – Анасы, бастауыш сыныпта оқитын қызы және әкесі. Шыны керек, саяжайды жалдап тұрғанына қарағанда, жұпыны отбасы болатын. Әкесі оларды асырау үшін Астанаға жұмыс істеуге кеткен».
Қайғылы оқиға отағасы жоқ кезде болыпты.

«Білуімізше, саяжайға екі бейтаныс адам қонаққа келді, — дейді Вера Асанова. – Бірлестікке кірер жолда шағын дүкенім бар, қылмыс жасаған қонақ азық-түлік, қызға балмұздақ алып кеткен болатын».

Дастархан басында ішімдік ішіп отырып, бір кезде қонақтардың бірі қызды зорламақ болады. Анасы баласын қорғауға ұмтылғанда, азғын арам ойын іске асыру үшін әйелді белдікпен буындырып өлтірген.

«Екінші ер адам аулаға жүгіріп шығып, «кісі өлтіргелі жатыр» деп айғайлап көршілерді шақырып, полицияға хабар беруін сұрапты», — деп еске алады Вера Асанова.
Күдікті оқиға орнында ұсталды. Әйел адам сол жерде жан тапсырған, ал сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған қыз ауруханаға жеткізілді.

Жантүршігерлік оқиғаның құрбанын ауыл тұрғындары бірігіп жерлейді, қызына медициналық жәрдем көрсетілген соң, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырыпты. Әзірше әкесі оны өз қолына ала алмайды, өйткені тұрақты табысы да, баспанасы да жоқ.
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті хабарлағандай, әйел адамды өлтіру және баланы зорлау деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағы және 99-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.
«Қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы тұрғыны ұсталды, қазір уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған», — деп мәлімет берді полиция.

«Ягодка» бірлестігінің тұрғындары атқарушы биліктен елді мекендегі ушығып тұрған проблемаға назар аударуды сұрайды.

«Жоғары жаққа» айта-айта, күдерімізді үздік», — дейді бақ шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Виктор Быков. – Саяжайлар облыс орталығынан екі шақырымдай жерде орналасқан. Газ құбыры тура қасымыздан өтеді, бірақ электр жарығынан басқадан құр алақанбыз. Ауыз суы, жол жоқ, газ тарту дегенді мүлдем ойға алмайды, облыс әкімдігіне талай өтініш бердік».

Оның айтуынша, көптеген отбасыға әлеуметтік жәрдем керек, өйткені қалада тұруға жағдайы жоқтар көбінесе саяжайға келіп орналасады. Бұл жерде белең алып тұрған проблеманың тағы бірі – маскүнемдік.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді