jasqazaq.kz

Анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды

09 қантар 2021, 11:53

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен 15 жасар бала қамауға алынды. Жасөспірім жанжал кезінде анасын пышақтап, көшеге жалаңаяқ шығып кеткен. Жантүршігерлік қылмыс болған үйдің тұрғындары қатты шошып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Евгений Васильев, көршісі:

— Баланы бір-екі рет қана көргем. Қайтыс болған келіншекті жақсы танимын. Өте ақжарқын адам болатын. Біздің подьездің белсендісі еді. Мен ештеңе естіген жоқпын. Таңертең тыныш болды. Полиция келген соң ғана қылмыс жасалғанын білдік.

Тұрғындардың бәрі қорқып қалған. Қанды қылмыс таңғы сағат бес шамасында көпқабатты үйде болған. Көршілері бұл отбасының бұрын-соңды ұрысқанын естімедік деп отыр. Олардың айтуынша, ауруханаға жетпей жан тапсырған жалғызбасты әйел заңбұзушылыққа қарсы шығып, белсенділігімен жиі көзге түскен. Ал анасына бірнеше жерден пышақ сұққан соң кәмелетке толмаған бала далада жалаңаяқ арлы-берлі жүріпті. Қыстың көзі қырауда қар үстімен аяқ киімсіз жүрген жасөспірімнің оғаш қылығын көрген тұрғындар бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Полиция оқиға орнына жетіп, бозбаланың қылмыс жасағаны белгілі болған. Күдікті бірден құрықталып, қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

— Қазір ҚК-тің 99-бабы, 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу жүргізілуде. Бұл тергеу әрекеттеріне міндетті түрде психолог мамандар қатысуда. Алдын ала болжам бойынша, бұл балада жүйке ауытқуы болуы мүмкін. Бірақ оны нақты сот-психиатриялық сараптама анықтайды.

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр