
Анасы жеті жастағы қазақстандық қызын Сириядағы әскери операциялар аймағына жасырын түрде алып кеткен. Бұл туралы бүлдіршіннің туыстары Еуразияның бірінші арнасындағы «Күт мені, Қазақстан» бағдарламасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Қыздың анасы күйеуімен ажырасқаннан кейін Жезқазған қаласында тұрған екен. Содан кейін ол радикалды діни нанымдарды ұстанатын азаматқа екінші рет тұрмысқа шыққан. Кейін оның күйеуі қайтыс болғаннан кейін, әйел қызын Сириядағы әскери операциялар аймағына жасырын түрде алып кеткен.
«Маған барлық жерден оның кетіп қалғаны туралы жауап келді. Олар маған ештеңе айтпай кетіп қалған. Ал егер бірдеңе болса ше? Онда олардың заңдары өз заңдары бар. Кішкентай баланың онда қалай өмір сүріп жатқанын елестетіп көріңіздерші», – деді қыздың апайы Ләйлә Ғабдулина.
Габдулина отбасына өзінің бұрынғы келінін екінші баласын да туғанындай қабылдауға дайын екенін айтты.
«Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінде екі жыл ішінде Қазақстанға жауынгерлік аймақтан 78 кәмелеттік жасқа толмаған балалар қайтарылды.