jasqazaq.kz

Анасы жаңа туған сәбиін алты ай бойы шкафта ұстаған

13 қазан 2020, 13:26

Ресей Федерациясының шағын Карпинск қаласының тұрғыны алты ай бойы жаңа туған қызын шкафта ұстаған. Оны тапқан кезде қыз қатты әбіржіп кеткені көрініп тұрды.

37 жастағы Юлия есімді Карпинск қаласының тұрғыны жүктілік кезінде әйелдер консультациясында болмаған және дәрігерлерге жүгінбеген.

Ол босанған кезде бәріне баланың шетінеп кеткенін айтқан. Әйелдің таныстары мен туыстарының ешқайсысы оның өтірік айтқанын сезбеді.

Жаңа туған нәресте кездейсоқ, әйелге құрбылары келген кезде табылды. Әбден әбіржіген баланы көріп, олар бірден құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырған.

Бала әбден жүдеген, оны тіпті тамақтандырмаған. Полиция тергеп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратураның мәліметінше, сәуір айында әйел қызын дүниеге әкелді, бірақ балаға туу туралы куәлік пен полис рәсімдемеген. Әйелдің үйінде тексеру кезінде ведомство қызметкерлері балалар тағамы мен киімін таппады, кереует пен балалар гигиенасы құралдары да болмады.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баланы азаптау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады, сондай-ақ тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау туралы іс қозғалды.

Күдіктінің тағы екі баласы бар — 13 жасар ұл және үш жасар қыз. Олар әжесінің қамқорлығына берілді.

Дәрігерлер бастапқыда баланың жағдайы ауыр екенін айтты. Кейіннен Ресей Федерациясындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Анна Кузнецова, реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылғанын хабарлады.

9 қазан күні кешке тікұшақ баланы Екатеринбург ауруханасына жеткізді, оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер үшінші дәрежелі дистрофия диагнозын қойды.

«Бүгін Екатеринбургтен жақсы жаңалықтар келді. Шкафта ұсталған алты айлық қыз реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылды», — деп жазды Кузнецова Facebook-те.

Кузнецова жақын арада балаға облыстық комиссар баратынын хабарлады.

«Қыздың денсаулығы мен өміріне қатысты шешілетін көптеген мәселелер бар. Бірақ қазір дәрігерлер, қамқорлық, көмек бар», — деп қорытындылады омбудсмен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия