jasqazaq.kz

Анасы перзентханада көз жұмған шақалақтың жағдайы ауыр

17 шiлде 2018, 14:14

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елордадағы №1 перинаталдық орталықта маусым айында көз жұмған ананың баласының жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыз бала. 2018 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. Салмағы — 4500 грамм. Оттегілік ашығудың салдарынан туғалы бері баланың денсаулығы аса ауыр күйде қалып отыр. Бала жасанды өкпе желдеткіште 7 тәулік бойы жатты. Қазір өздігінен дем алуда. Ылғалды оттегіден қайта-қайта ингаляция алып жатыр. Баланың жай-күйінде оңалу динамикасы байқалғанымен, неврологиялық симптоматикаға байланысты ауыр күйде. Өздігімен дем алады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне. 12 шілде күнгі ақпарат бойынша, бала жансақтау бөлімінен жаңа туған балаларды күту бөліміне ауыстырылған. Баланың күтіміне туған-туыстары ерекше көңіл бөліп отыр. Баланы бүгінге дейін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Балаларды оңалту орталығының мамандары, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары тексерген. Баланың жай-күйі Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. «Дәрігерлермен, неврологтармен және реабилитологтармен бірлесіп, оңалту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі күні баланың денсаулығы бірқалыпты», — делінген хабарламада. Еске сала кетсек, Астанада №1 перинаталдық орталықта босанған екі әйел қайтыс болғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, 34 жастағы босанған бірінші әйел 21 маусымда таңғы сағат 5-те, ал екіншісі (31 жаста) 25 маусымда сағат 04-00-дер кезінде көз жұмған. «Бірінші жағдайда келіншек баланы өзі босанды, ал екінші жағдайда кесарь тілігі жасалды. Екеуі де осыған дейін босанған әйелдер. Сонымен қатар олардың жүктілікке байланысты емес аурулары болған», — деді Сәуле Мұқышева.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді