jasqazaq.kz

Анасы мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды

01 наурыз 2021, 11:43

Түркістанда қаза болған анасы мен төрт баласы туған жері Қызылорда облысы Жаңақорғанға жерленді.

Марқұмдардың денесін бірнеше арнайы көлікпен Қызылорда облысы Жаңақорған ауылына жеткізген. Автотранспортты Түркістан әкімі Рашид Аюпов бастап барған.

«Біз әрі қарай қалай өмір сүретініміз туралы айта алмаймыз, кешіріңіздер. Иә, денелерді жеткізді. Қазір отағасы осында, ол медицина қызметкерлерінің бақылауында. Ол тірі өлік болып отыр», — дейді туысы.

Марқұм келіншек пен оның төрт баласын бір-бірінің жанына жерлеген. Отбасымен бақұлдасу үшін көршілес аудандардың тұрғындары да келген. Жергілікті билік өкілдері мен Түркістан басшысы азалы жиын аяқталғанша сол жерде болған.

«Үйдің отағасы отадан шыққан. Оған медқызметкерлер қарап, психологтар жұмыс істеп жатыр. Ер адамның жағдайы туралы не айтуға болады? Менің айтарға сөзім жоқ. Ол қатты есеңгіреп қалды. Мұндайда не істеп, қандай сөздер айту керек екенін ойлай да алмаймын», — дейді Жаңақорған ауылының тұрғыны.

Дереккөзі: nur.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия