jasqazaq.kz

Анасы мен екі баласы үйімен бірге өртеніп кетті

16 қараша 2019, 15:15

Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«16 қараша күні сағат 00.48 кезінде өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылының «Труженник» саяжайлық қоғамдастығында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен өртеніп кеткен», — деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар.

Тілсіз жау 02.15-те ауыздықталып, 02.36-да сөндірілді. Өрт ауданы — 240 шаршы метр. Кейін үйінді астынан үш жартылай жанып кеткен мәйіт табылды. Олар: 1985 жылғы үй иесі және оның 2008 және 2014 жылы туған екі ұлы. Төтенше жағдай себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және үш техникасы жұмылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда